Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан қаласының білім бөлімі әдіскерлер лауазымдарына конкурс жариялайды

Түркістан қаласының білім бөлімі әдіскерлер лауазымдарына конкурс жариялайды

«Түркістан қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы негізінде бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

  1. Математика пәнінің әдіскері;
  2. Информатика пәнінің әдіскері;
  3. Педагогика және психология әдіскері.
  4. Физика пәнінің әдіскері.
  5. Бейіндік оқыту жұмысы бойынша әдіскер.

Лауазымдық міндеттері:

— Қала педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;

— жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

— мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;

— педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

— педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

— білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

— педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, қала педагогтерінің назарына жеткізеді;

— оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;

— педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;

— педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

— білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

— есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

— Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

— мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;

— педагогикалық этиканың нормалары;

— педагогика және жас психологиясы негіздері;

— дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;

— әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

— тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

-наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурсқа құжаттар Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, №47 Түркістан қаласының білім бөлімінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*