Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » САУРАНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САУРАНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданының Ескі Иқан және Бабайқорған ауылдық округтерінде «Зорлық-зомбылықсыз болашақ – қауіпсіз қоғам!» тақырыбында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық және рухани сауаттылығын арттыру, қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Жиынның арнайы қонағы – имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы тұрғындар алдында сөз сөйлеп, отбасы берекесі мен адамгершілік құндылықтардың қоғам тұрақтылығындағы рөліне тоқталды. Ол отбасындағы сыйластық пен сабыр, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі, жастар тәрбиесі және жанжалдың алдын алуда өзара түсіністіктің маңызы жөнінде ой-пікірін ортаға салды. Сонымен қатар өмірлік тәжірибелер мен тағылымды мысалдар арқылы отбасы мүшелері арасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтаудың маңызын жеткізді.

Кездесуде зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екені атап өтілді. Отбасындағы мәселелерді ушықтырмай, өзара диалог арқылы шешу, балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, жастарды ізгілік пен жауапкершілікке баулу – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды негіздерінің бірі екені айтылды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде тұрғындармен ашық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Ескі Иқан және Бабайқорған ауылдық округтерінің тұрғындары отбасы тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасылық түсініспеушіліктер және жастар тәрбиесіне қатысты сауалдарын қойды. Нұрлан Байжігітұлы әрбір сұраққа кеңінен жауап беріп, өмірлік жағдайларға байланысты өз кеңестерімен бөлісті.

Кездесу барысында отбасыдағы психологиялық ахуалдың бала тәрбиесіне тікелей әсер ететіні де сөз болды. Баланың өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуі үшін ата-ананың оны тыңдап, пікіріне құрметпен қарауы және кез келген мәселені ашық талқылай білуі маңызды екені түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрмыстық жанжалдардың алдын алуда эмоцияны бақылау, ашуға бой алдырмай мәселені сабырмен шешу және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі айтылды. Тұрғындарға қиын жағдайды жасырмай, дер кезінде тиісті көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жастар арасында отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және өзара сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл құндылықтарды бала кезден бойға сіңіру қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Тұрғындарға зорлық-зомбылықтың кез келген түріне немқұрайлы қарамау, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғам мүшелерінің бір-біріне жанашырлық танытып, қауіпсіз орта қалыптастыруға белсенді атсалысуы маңызды екені айтылды.

Сауран ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстармен қатар, діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру шараларының да маңызы атап өтілді. Тұрғындарға қоғам тыныштығы мен отбасы қауіпсіздігін сақтау үшін кез келген күмәнді әрекетке бейжай қарамай, заң талаптарын сақтау және тиісті ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, радикалды идеологияның ықпалына түспеудің жолдары және интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану мәселелері де қозғалды. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған діни мәліметтерге сыни көзқараспен қарап, дін мәселесінде білікті мамандардың кеңесіне жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Сауран ауданында бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды тетігі екені атап өтілді.

Алдағы уақытта да ауылдық округтерде отбасы институтын нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі түрде жалғастыру көзделіп отыр.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар тыңдалды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*