Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде «Арақсыз ауыл» жобасы аясында жеке кәсіпкерлер мен дүкен иелерінің қатысуымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Басқосуға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокурорының орынбасары Ержан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар, ардагерлер, ауыл белсенділері және жастар қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды зиянды әдеттерден аулақ ұстау мәселелеріне қоғам болып атсалысу қажеттігі айтылды.
Күн тәртібіне сәйкес Сауран ауданының бас имамы Еркін Полатов пен аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова сөз сөйлеп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық тәрбиенің маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті нығайту мен профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бағытындағы пікірлер ортаға салынды.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге алкогольдік ішімдіктерді сату кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Әсіресе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, сауда орындарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершілігі сөз болды. Дүкен иелеріне сауда орындарында тәртіпті сақтауға, күмәнді жағдайларға бейжай қарамауға және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысуға шақырылды.
Жиында алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарының адам денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамның тұрақтылығына кері әсері жөнінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе жастарды зиянды әдеттерден қорғау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа және қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сауран ауданында «Арақсыз ауыл» жобасы аясындағы мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізу арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту көзделуде. Кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер мен ауыл белсенділерінің бірлескен жұмысы салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастар тәрбиесіне оң ықпал ететіні айтылды.
Жиын қорытындысында құқық бұзушылықтың алдын алу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткінің зиянын түсіндіру, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, қоғамдық тәртіпті сақтау және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстарды бірлесе жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені айтылып, тұрғындар заң талаптарын құрметтеуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары