Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мопед басқаруына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы тексерілді.

Іс-шара кезінде мопед басқарған кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың көлік құралдарын басқаруға қажетті құжаттарының болуы тексерілді. Тиісті құжаттары жоқ және заң талаптарына сәйкес келмейтін мопедтер арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, кәмелетке толмағандарға мопед пен өзге де көлік құралдарын басқаруға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында жасөспірімдерге жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе мопед пен өзге де көлік құралдарын басқару кезінде белгіленген талаптарды орындамау өз өміріне және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін екені ескертілді.

Сонымен қатар ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауда ұстап, олардың қандай ортада және қандай көлік құралдарын пайдаланып жүргеніне назар аудару қажеттігі айтылды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерде ата-ана мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңызы атап өтілді.

Алдағы уақытта да Қарашық ауылдық округінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасын табады. Негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың заң талаптарын сақтайтын жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.

Мұндай профилактикалық рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*