Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында лудоманияның, яғни ойынқұмарлыққа тәуелділіктің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел форматында тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында жастарға құмар ойындардың адам өміріне тигізетін кері әсері, ойынға тәуелділіктің негізгі белгілері және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Тренинг барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, лудоманияға қатысты түрлі сұрақтарға жауап іздеді. Интерактивті тапсырмалар арқылы жастардың сыни ойлау қабілетін арттыруға және саналы шешім қабылдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Кездесу барысында жастарға ойынқұмарлықтың тек қаржылық қиындықтарға ғана емес, адамның психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және әлеуметтік ортасына кері әсер етуі мүмкін екені айтылды. Тәуелділікке әкелетін әдеттердің алдын алу үшін өз әрекетіне бақылау жасап, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлаудың маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ қатысушыларға қиын жағдайға тап болған кезде мәселені жалғыз шешуге тырыспай, жақындарынан немесе тиісті мамандардан көмек сұраудың қалыпты екені жеткізілді. Жастардың өз қабілеттерін дамытуға, білім алуға, спортпен және шығармашылықпен айналысуға бағытталуы маңызды екені атап өтілді.
Осындай ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар жастардың зиянды әдеттерге деген көзқарасын қалыптастырып, олардың саналы әрі жауапты шешім қабылдауына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты орта қалыптастыруға басымдық берілетін болады.
Тренинг барысында жастарға жылдам әрі оңай табысқа жетуге деген қызығушылықтың құмар ойындарға тәуелділікке әкелуі мүмкін екені ескертілді. Қатысушыларға қаржылық шешімдерді эмоцияға емес, нақты мақсат пен жоспарға сүйене отырып қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Жастардың өз ортасында ойынқұмарлықтың алдын алу үшін дұрыс ақпарат таратып, бір-біріне қолдау көрсетуінің де маңызы зор екені атап өтілді. Саналы таңдау жасап, уақытын пайдалы іске бағыттау – әр жастың жарқын болашағына бастайтын маңызды қадам екені айтылды.
Шара соңында жастарды құмар ойындардан аулақ болуға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және өмірлік мақсаттарына дұрыс бағыт таңдауға шақырылды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары