Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ”ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК” АТТЫ ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

”ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК” АТТЫ ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Рейдтің мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүрмеуін қадағалау.

Ұйымдастырылған рейдтік шара барысында кешкі сағат 20:00 ден 22:00-ге дейін жеке кәсіпкерлерге көрсетілген уақыт аралықтарында кәмелетке толмаған жасөспірімдерді,заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 22:00-ден бастап рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Жұмыс барысында ауданға қарасты ауылдарда түнгі уақытта себепсіз, үй-жайдан тыс, ата-ананың еруінсіз жүрген жасөспірімдер анықталып, тексерілді.

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Жасөспірім ұл, қыздарыңыздың түнгі уақытта көшеде жүрмеуін ескертіп, қадағалауларыңызды сұранамыз.

Рейд барысында анықталған жасөспірімдермен жеке профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрудің қауіптері түсіндірілді. Оларға қоғамдық тәртіпті сақтау және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде ескертулер жасалды.

Сонымен қатар ата-аналарға кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Жасөспірімнің қайда және кіммен жүргенін бақылау, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыру – құқықбұзушылықтың алдын алудағы маңызды қадам екені түсіндірілді.

Жеке кәсіпкерлерге де кәмелетке толмағандарға темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді сатуға жол бермеу жөніндегі талаптар тағы бір мәрте ескертілді. Заң талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық шара барысында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелеріне де назар аударылды. Жасөспірімдердің бос уақытын спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларға бағыттаудың маңызы атап өтілді.

Осындай түнгі рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және ауылдық округ аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*