Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Отбасы дәстүрі – қазіргі заман

Отбасы дәстүрі – қазіргі заман

Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы және гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын ілгерілету, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында тағылымды кездесу өтті. Іс-шара барысында отбасының қоғамдағы орны, әйелдердің отбасындағы және қоғамдық өмірдегі рөлі, бала тәрбиесі мен ұлттық дәстүрлердің маңызы кеңінен сөз болды.

Іс-шараға Әжелер кеңесінің төрайымы М. Тілеуқабылова, Әжелер кеңесінің мүшелері Ғ. Айымбетова, Г. Бақбаева және жастар қатысты.

Кездесу барысында әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болудың маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің бала тәрбиесіне және отбасының берекесін сақтауға ықпалы атап өтілді.

Әжелер тарапынан жастарға отбасы құндылықтарын сақтаудың, ата-анаға құрмет көрсетудің және балаға дұрыс тәрбие берудің маңыздылығы жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңызы да атап өтілді.

Жастар да өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасты. Әсіресе ұлттық салт-дәстүрді заманауи өмір салтымен сабақтастыра отырып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында отбасының берекесі мен тұрақтылығы ең алдымен өзара түсіністікке, сыйластыққа және жауапкершілікке байланысты екені сөз болды. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, ана мен баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына көңіл бөлуі қоғамдағы берік отбасылық ортаны қалыптастырудың маңызды шарты екені атап өтілді.

Отбасы институтын нығайту, ана мен баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу — қоғамның тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осындай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың отбасыға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Дәстүр мен тәрбие сабақтастығы арқылы отбасының берекесі мен қоғамның тұрақтылығы қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу — болашақ ұрпаққа өнеге мен тағылым қалдырудың маңызды жолы. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту баршаға ортақ міндет болып табылады.

Отбасы – тәрбиенің бастауы, дәстүр – ұрпаққа аманат!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*