Отбасы күніне орай қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдер мен аналардың денсаулығын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілуде. Әйелдердің қоғамдағы рөлін қолдау, ана мен баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету және халық денсаулығын сақтау отбасылық, гендерлік және демографиялық саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Осы орайда Шымкентте тұрғындардың денсаулығын қорғауға және ауруларды ерте анықтауға бағытталған «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті.
Іс-шара барысында «Шымфарм» емханасының дәрігерлері тұрғындарға тегін кеңес беріп, қан қысымы мен қандағы қант деңгейін өлшеді. Бейінді мамандар азаматтардың денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарына жауап беріп, қажетті медициналық ақпарат ұсынды.
«Денсаулық бұрышы» акциясы ӘМСҚ Шымкент филиалының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған. Мамандар азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіріп, медициналық көмек алу тәртібіне қатысты сауалдарына жауап берді.
Кеңес беру алаңы «Төлеби» сауда орталығында ұйымдастырылды. Жалпы игі шара қалада ай сайын өткізілуде. Басты мақсат – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың денсаулығына жауапкершілігін күшейту және ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал ету.
Сауда орындарында еңбек ететін әйелдердің үлесі жоғары болғандықтан, мұндай медициналық шаралардың қолжетімді жерде ұйымдастырылуы олардың денсаулығына уақытылы көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Әйел денсаулығын сақтау ана мен баланы қорғау, отбасының әл-ауқатын нығайту және демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Отбасылық және гендерлік саясат аясында әйелдердің қоғамдағы рөлін қолдау, ана мен баланың денсаулығын қорғау және отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге мән беріледі. Осы бағыттағы шаралар қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтып, өзара жауапкершілік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен бірге, Отбасы күніне орай төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылған отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, қажетті азық-түлік өнімдері табысталды.
Іс-шара барысында қайырымдылықтың маңыздылығы мен қиын кезеңде азаматтарға қолдау көрсетудің мәні атап өтілді.
Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және медициналық тексеруден уақытылы өтуіне мүмкіндік береді.
Акция барысында азаматтарға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және денсаулық көрсеткіштерін тұрақты бақылаудың маңызы түсіндірілді.
Осындай бастамалардың тұрақты ұйымдастырылуы тұрғындарға медициналық кеңес пен әлеуметтік көмекті дер кезінде алуға мүмкіндік беріп, қоғамдағы жауапкершілік пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары