Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Сауран ауданында интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Сауран ауданында интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Сауран ауданы аумағында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында жұма намазы кезінде мешіттерде тұрғындарға ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беріліп, сақтық шаралары түсіндірілді. Атап айтқанда, жалған интернет-дүкендер, банк қызметкерлері атынан жасалатын қоңыраулар, күмәнді инвестициялық ұсыныстар, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы алдау тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтарға интернет желісін пайдалану барысында жеке деректерін, банк карталарының реквизиттері мен құпия кодтарын бөгде тұлғаларға бермеу, белгісіз нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға сақтықпен қарау және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың интернет-алаяқтыққа қатысты сауалдарына жауап беріліп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі айтылды. Мұндай алдын алу шаралары азаматтардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін арттыруға және алаяқтық қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Жалпы, интернет-алаяқтықтың алдын алуда халықтың ақпараттық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Осыған байланысты тұрғындарға кез келген күмәнді ұсынысқа сын көзбен қарап, ақпараттың шынайылығын тексеріп, бейтаныс адамдардың талаптарын орындамау қажеттігі түсіндірілді. Тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтау және қырағылық таныту бойынша профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*