Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

Созақ ауылдық кітапханасында «Кітап оқу мәдениеті» бойынша ұлттық сауалнама ауыл тұрғындары мен кітапхана оқырмандары арасында жүргізілді.

Сауалнаманың басты мақсаты – еліміздегі кітап оқу мәдениетін дамыту, кітаптар мен кітапханалардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыру бағытында оқырмандардың пікірін жинақтау.

Сауалнамаға белсенді қатысып, өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдірген барша оқырмандарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз! Әрбір пікір – кітапхана қызметін жетілдіруге және оқырман сұранысына сай жаңа бастамаларды жүзеге асыруға қосылған маңызды үлес.

Оқырманның ұсынысы мен көзқарасы кітапхананың жұмыс бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады. Өйткені заманауи кітапхана тек кітап беретін орын емес, тұрғындардың білім алып, пікір алмасып, рухани дамуына мүмкіндік жасайтын мәдени орта болуы тиіс.

Кітап оқу дағдысын тұрақты әдетке айналдыру үшін оқырманға қызықты әрі мазмұнды әдебиеттерді ұсынумен қатар, жаңа форматтағы жобалар мен танымдық бастамаларды көбейту маңызды. Мұндай жұмыстар әсіресе жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Қазақ тіліндегі әдебиеттерді кеңінен насихаттау да кітап оқу мәдениетін дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Ана тіліндегі құнды шығармаларды оқу арқылы оқырманның сөздік қоры байып, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраға деген танымы тереңдей түседі.

Білімге ұмтылу мен үздіксіз іздену – жеке адамның дамуына ғана емес, тұтас қоғамның алға жылжуына негіз болады. Кітаппен дос болған ұрпақтың ойы сергек, көзқарасы кең, жаңа идеяларға бейім болары анық.

Оқырмандардың бүгінгі ұсыныстары ертеңгі кітапхана қызметінің жаңа бағыттарына жол ашып, тұрғындардың сұранысына сай жобалардың жүзеге асуына негіз болмақ. Сондықтан әрбір пікірді ескеру – оқырман мен кітапхана арасындағы өзара байланысты нығайтудың тиімді жолы.

Кітап оқитын қоғам – білімді қоғам!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*