Созақ аудандық орталық кітапханасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға қызмет көрсету нүктесінің ұйымдастыруымен, «Мейірімділікке құштар болайық» жобасы аясында «Ізгі ниет – игі іс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, өнері мен ерекше қабілеттерін дәріптеу, жүректеріне жылулық пен қуаныш сыйлау.
Шараны Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Майусова Нұржамал Әбілжанқызы ашып, жиналған оқырмандарға жүрекжарды тілегін білдірді. Қатысушыларға Алғыс хаттар мен әлеуметтік пакеттер табысталып, ізгі ниет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі көрсетілді.
«Мейірімділікке құштар болайық» жобасының авторы Айман Ерубайқызы оқырмандарының бойындағы ерекше қабілеттері мен өнерлерін таныстырып, олардың әрқайсысына жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде өнерлі оқырмандар әсем әндерін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында қазақтың біртуар композиторы Шәмші Қалдаяқовтың сырлы да сазды әндерінен караоке арқылы әндер шырқалып, қатысушылар әнге қосылып, ерекше әсерге бөленді.
Сонымен қатар жүргізуші «Кітаптан шыққан жақсы тілек» атты жылы лебіз бөлімінде әр қонаққа кітап ішінен арнайы таңдалған ізгі тілектерді арнады. «Күліп жүру – сүннет! Күліп жүріңіздер!» деген ізгі ниетпен қатысушыларға көңіл-күй сыйлайтын смайликтер таратылды.
Кеш соңында ерекше көңіл күйге бөленген оқырмандар ортаға шығып, әсем әуенге билеп, шаттыққа бөленді. Осылайша мейірім мен жылулыққа толы шара мерекелік көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.
Шараға Сламетов Оразәлі, Бекпенбетов Құралбек, Төллев Жарылқап Әлиұлы, Джуматаева Қалдыкүл Бердіқызы, Мұсабаев Қалтай Сыздықұлы, Сейсенбаев Нақыпбек Санғылбайұлы, Шерметов Сейдахмет Ибраймұлы, Момынов Қайрат Болатұлы, Амалбеков Қанат Қойшыбайұлы, Хайрулла Нұрислам Жомартұлы, Тұрғанбай Салтанат Жұмабайқызы,
Темірәлі Айнұр Қаласейтқызы, Маратқызы Мереке, Өмірзақ Нұрқанат Қайратұлы, Үсен Асыл Есенұлы қатысып, өнері мен белсенділіктерін көрсетті.
Бұл жандар – өмірдің әр сынағына қарамастан, өнерге құштарлығын, кітапқа деген сүйіспеншілігін, еңбекқорлығы мен талпынысын танытып жүрген ерекше жандар.
Мейірімділік – жүректен, ізгілік – ниеттен, қайырымдылық – нақты істен басталады. Осындай игі шаралар адамға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы өзара құрмет пен жанашырлықтың маңызын арттыра түседі.
Жақсылық жасауға асығайық, мейірімділікке құштар болайық!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары