Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШӘКІРТТЕРІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛЫП КЕЛЕДІ

ШӘКІРТТЕРІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛЫП КЕЛЕДІ

Күлжанат Тұрғынбаева қазіргі тың технологиялардың дәуренінде көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан өркениетті қоғамға жастарды ілестіру мақсатында қажырлы еңбек етіп жүрген майталман маман. Ол Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп–лицейінде робототехника және информатика пәнінен дәріс берер жоғарғы санаттағы педагог-зерттеуші.
Ұлағатты ұстаз ширек ғасырдан аса жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, шәкірттерін шығармашылық ізденіске баулып келеді. Білікті маманның шәкірттері «Жастар, ғылым және инновация» атты VI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы ІТ-технологиялар мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі» І ашық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жеңімпаз бола отыра 1-2 дәрежелі орындарды иемденген. Сондай-ақ, «Алтын сандық» зияткерлік олимпиадасы мен NIO.KZ – Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысқан оқушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесімді тандем мен тынымсыз еңбектің арқасында алдыңғы қатардан көрінді.
Еліміздің ертеңгі ұрпағын тәрбиелеу жолында талай жетістіктерге жетіп, қалалық, республикалық, халықаралық, сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен биік белестерден көрініп жүрген ұстаз «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған абыройлы маман. Ол өзі қызмет етіп келе жатқан аталмыш білім ордасындағы үш тілде білім беру шығармашылық тобына жетекшілік етеді. Және оның Web сайтты оқытудағы жаңа технологиялары мен тың әдістерін әріптестері өз дәрістерінде тиімді пайдалануда.
Біліктілігі мен тәжірибесін арттырудан талмайтын педагог Күлжанат Тұрғынбаева өзімен қоса шәкірттерін де шыңдап, оқу үдерісіне әлі де талай жаңа әдістемелерді енгізбек мақсатында үздіксіз еңбек етуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*