Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

Шымкентте жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл алғаш рет қала әкімінің кубогі үшін спорттық сайыс ұйымдастырылуда. «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында мектеп оқушылары спорттың төрт түрінен, яғни волейбол, баскетбол, футбол және шахматтан сайысқа түседі. 80 миллион теңге қаржылай сыйлықты жарысқа қатысатын 536 команда арасында сарапқа салынбақ.
Наурыз айында басталған біріншілікке қатысуға жалпы саны 9 мыңға жуық оқушы ниет білдірген. Комадалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 денешынықтыру маманы жұмылдырылған. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Осылайша мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына баули отырып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау көзделіп отыр.
І-кезең жалпы білім беру мекемелерінің арасында 1 наурыз бен 1 маусым аралығында «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» сынды спорттың үш түрі бойынша ұйымдастырылуда. Ал шахматтан қыркүйек-қараша айлары аралығында өтеді. Бүгінде «Баскетбол» спорттық ойынында 58 команда бақ сынасып, төрт мектеп, ал, волейболдан 64 команда жарысып, 4 команда ширек финалға жолдама алды. Футболдан «БИІК» және ФЦ «Ордабасы» стадионында 21 команда бақ сынасуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*