Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КИІЗ ҮЙ ҚҰРУДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

КИІЗ ҮЙ ҚҰРУДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Салт-дәстүрде – Ақ отау» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. Шеберлік сағатына қаламыздағы жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.
Әуелі киіз үйдің теориялық құрылымы жайында таныстырылымын тыңдаған жастар, одан кейін нақты жұмысқа кірісті. Орталық қызметкерлері ғимарат алдында 12 қанат ақ орданы қалай дұрыс тұрғызу жолдарына жеке-жеке тоқталып, жастарға тәптіштеп түсіндірді. Жұмыс барысында тарихымыздағы ең бірінші сәулет құрылысына қажет шаңырақ, кереге, уық сынды заттардың әрбірінің маңызы жайлы айтылып, жиналған жастарға насихатталды. Қазақ елінің көне дүниетанымын көрсететін киіз үй – рухани мәдениеттің үздік үлгісі екендігін көрсете білді.
Жиналған жастардың барлығы дерлік киіз үйдің құрылу жолына алғаш куә болды. Оны жастардың қызығушылығын үйді құру барысындағы белсенділіктерінен-ақ байқауға болады. Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, шараға қатысқан жастарға алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*