Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 324 КӨШЕ МЕН 1 ШАҒЫНАУДАНҒА АТАУ БЕРІЛДІ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 324 КӨШЕ МЕН 1 ШАҒЫНАУДАНҒА АТАУ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының I тоқсандағы индикаторлардың орындалуы басты назарда. 9 индикатор бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелген.
2021 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 0,5%-ға, орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесін 0,5%-ға, ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесін 0,7%-ға арттыру жоспарланған. Қазіргі танда Шымкент қаласында тіл саясатын жүзеге асыратын тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. 2021 жылғы І тоқсанда орталықта 464 адам тіл үйрену курстарынан өтуде: қазақ тілі – 279, орыс тілі – 47 және ағылшын тілі – 138.
Бүгінгі таңда қаладағы кітапханалар жұмысына арнайы сараптама жасалып, жаңа әдістер еңгізлмек. Мысалы, Стамбул қаласындағы ISAM-кітапханасының тәжірибесі өте қолайлы. Мұнда оқырмандар кітап қорымен еркін пайдаланып, оларды тікелей кітап сөрелерінен кітапханашының көмегінсіз алады. Кітаптарды жұмыс істеген орнында қалдырып кетіп, келесі күні сөрелерден қайтадан алады. Бұл әдіс қітапхана ісін оптимизациялауға мүмкіндік береді.
Кітапханаға келушілер санын көбейту мақсатында олардың қорын сирек кездесетін жәдігерлермен толықтырып, кітаптарды электрондық форматқа толық ауыстыру да көмектеседі.
2021 жылы есепті кезеңде 324 көше мен 1 шағынауданға атау берілді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 357 көше, 24 шағынауданды құраған. Жыл басынан бері кәсіпкерлерге 124 жарнама бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 56 жарнама эскизі келісілді. Сонымен қатар, 3 мәдениет және білім мекемелеріне атау берілді.
Көрме орталығына келушілер саны 2020 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 27 %-ға артқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*