Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАС ҰРПАҚҚА ЖАНАШЫР ҰСТАЗ

ЖАС ҰРПАҚҚА ЖАНАШЫР ҰСТАЗ

Жақсы ұстазға екі нәрсе керек, оның бірі – білім, екіншісі – үлкен жүрек. Қарапайым, сабырлы, ақ жүректі, өнерлі де өнегелі ұстаз Қуаныш Пазыловтан мұның екеуі де табылады.
20 жылдан бері алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Педагог-зерттеуші. Ұлағатты ұстаз Қуаныш Пазылов қазіргі таңда Шымкент қаласында №134 жалпы орта мектепте ұстаздық етумен қатар, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп келеді.
Белсенді ұстаз ұйымдастырған патриоттық сайыстар мен түрлі іс-шаралар жастарды отансүйгіштікке, төзімділікке, адалдыққа баулиды. Ел ертеңіне бей-жай қарай алмайтын педагог ардагерлермен жиі басқосу ұйымдастырып, шәкірттерді елжандылыққа тәрбиелеуде.
Еңбегі ерен ұстаз 1986 жылдың ақпан айында Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеу үшін жіберілген. Ауғанстандағы Бадахшан районы Файзабад қаласындағы мотоатқыштар полкінің саперлар ротасында Урал автокөлігінің жүргізушісі болып қызмет атқарды.
Абыройлы қызметі үшін «За боевые заслуги», «Ерен еңбегі үшін», «От благодарного афганского народа», «Воину- интернационалисту», «70 лет вооруженных сил СССР», «20 лет вывода воиск из Афганистана», «25 лет вывода воиск из Афганистана», «Ұрыс әрекеттерінің ардагерлеріне», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл» медальдармен марапатталған.
Қуаныш Батырқұлұлы тәрбиелеген шәкірттер қазір еліміздің жоғары әскери оқу орындарында білім алуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*