Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Әл–Фараби аудандық филиалының кезекті ХLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Бектаева Жанар Әлібекқызы, Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы болып Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы сайланды.
«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғар Усупахметов баяндады.
Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясы жарғысының 9,6 тармағына сәйкес, Әл-Фараби аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті 42-ші конференциясына Әл-Фараби ауданынан делегаттар сайланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*