Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ШИПАЖАЙЛАРҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРУ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ШИПАЖАЙЛАРҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРУ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріле бастады, деп хабарлайды JETPISBAI.KZ  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл өтініш білдіріп, кезекке тіркелген 6174 азаматты Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» шипажайы мен Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайларына жолдау жоспарланып отыр. Аталған шаралар әлеуметтік қолдау көрсету бағытында іске асырылуда. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне шипажайлық-курорттық емделу тегін. Ал, зейнет жасындағы азаматтарға жолдама құнының елу пайызын төлеумен беріледі.
Бүгінде қалада 82124 зейнеткер, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген -6426 қария тіркелген. Зейнет жасындағы 2377 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*