Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 25 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 25 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймақта құны 100 млрд. теңге болатын 25 жобаның пулы жасақталды, деп хабарлайды  jetpisbai.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде индустриалды аймақтың инфрақұрылым құрылысын жүргізу үшін қажетті бюджеттік қаржы қаралуда. Сонымен қатар, 302 га жер учаскесінің мемлекеттік актісі алынды. Инвесторларға жер учаскелерін бөлу осы жылдың маусым айына жоспарлануда.
Бұдан бөлек, қаладағы индустриялық аймақтарда 2021 жылы 25,9 млрд. теңгеге 416 жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында осы жылы 11,5 млрд. теңгеге 301 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62 млрд. теңгенің инвестициясы тартылған. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*