Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТӘУЛІГІНЕ 500 АДАМ ҚАБЫЛДАЙТЫН ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТӘУЛІГІНЕ 500 АДАМ ҚАБЫЛДАЙТЫН ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Абай ауданы Ынтымақ-2 шағынауданында тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 1 200 млн теңге.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестор есебінен салынып жатқан нысанның құрылыс барысымен танысты. Инвестор «№ 14 емдеу орталығы» ЖШС құрылысты толық өз есебінен атқаруда. Бас мердігер – АСК-Проект ЖШС. Құрылыс аумағының көлемі – 5000,3 шаршы метр.
Заманауи үлгідегі емхана тәулігіне 500 адамды қабылдау мүмкіндігіне ие. Емхана ғимараты бір қабатты, жалпы 5000 шаршы метрді құрайды. Онда жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімі. күндізгі стационар, диагностика, бейімдеу орталығы, зертхана, фтизиатр, әкімшілік бөлімдері орналасады. КТ, МРТ, сандық рентген, лор комбайн, Холтер, ЭКГ және тағы басқа құралдармен жабдықталады.
Сонымен қатар, азаматтардың емханаға келіп-кетуін оңтайландыру үшін тегін тасымалдаушы автобустармен қамтылады. Емханада 400 дәрігерге және қосымша 100 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жауапты мердігерлер құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында аяқтауды жоспарлауда.
Қала әкімі емханаға инфрақұрылымның сапалы жеткізілуін қадағалауды тапсырды. Инвесторлардың осы бағытта халыққа қажетті нысандарды көптеп салуы қуантарлық. Ендігі кезекте біз өз тарапымыздан сапалы инфрақұрылым мен жол құрылысын қатар жүргізуіміз керек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*