Елбасы халыққа арнаған Жолдауында аймақтардағы шаруашылықтар мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып, шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша міндеттеме қойған болатын.
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың көшпелі семинар өткізу туралы бекткен кестесіне сай, Созақ ауданында ауылшаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастыру, несиелендіру, майда мал, түйе шаруашылығы кооперативтерін құру бағытында кооперативтерді мемлекеттік қолдауға байланысты, кезекті облыстық мамандандырылған көшпелі семинар өтті.
Көшелі семинар аясында облыстан аудандарынан келген ауыл шаруашылық мамандары, шаруа қожалық иелері, Шолаққорған ауылындағы «Құрманәлі» шаруа қожалығында болып, қой өсіру шаруашылығымен танысты. Сондай-ақ, «Аруана» түйе сүтін өндіретін кооперативтінде болды.
Семинарға жетекшілік еткен ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысы Н. Мырзахметов мал шаруашылығы саласында құрылатын кооперативтер, жеңілдікпен берілетін несиелер мен субсидиялар жайлы баяндады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативін құру, оған көмек алу мәселесі жайы бөлім сектор меңгерушісі Е. Оразбеков хабарлама жасап баяндады. Араб Әмірліктеріне 2688 бас майда малды экспортқа шығарған «Қарақұр» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Ж. Садырханов өзінің тәжірибесімен бөлісті. Созақ ауданында мал шаруашылығын дамытудың перспективалық бағыты мен оны іске асырудың ғылыми негізделген жолдары жайлы Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ғылыми кеңестің төрағасы, ауыл шаурашылығы ғылымынң докторы, профессор Ж. Паржанов, ауыл шаруашылығы ғылымының академигі Х. Үкібаев хабарлама жасады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 АӨК әділет басқармасына тіркелу үстінде, 2 кооператив іс құжаттарын дайындауда, сондай-ақ қосымша 4 кооператив құру туралы жұмыстар жүргізілуде. Ауданда 248 кәсіпкер қой шаруашылығымен айналысады.
© JETPISBAI.kz