Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШАҒЫНАУДАНДАР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

ШАҒЫНАУДАНДАР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкенттің шалғайдағы шағынаудандарына сапалы интернет көзі жеткізілуде. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаға, екі бірдей инвестор тартылған. Халық сұранысы арқылы жұмыс істеп жатқан компаниялар Тассай, Таскен, Достық елдімекендерін сапалы, әрі қолжетімді интернет көзіне қосуда.
Айзада Акатованың Тассай тұрғын алабында тұрып жатқанына 5 жылға жуықтапты. Интернет кәсіппен айналысатын келіншек осында көшіп келгелі бері жұмысымнан қол үзіп, тұрақты тұтынушыларымды жоғалттым, дейді. Әсіресе, онлайн оқу кезінде қатты қиналғандарын айтады. Көшелеріне кең жолақты интернет кіре бастағанда, алғашқылардың бірі болып қостырғанда өзі екен.
Жоғарғы жылдамдықта жұмыс істейтін кең жолақты интернет расымен де, бәрі онлайн болған заманда ауадай қажет-ақ. Дегенмен, бүгін айтылып, ертен қоса салу да, оңай шаруа емес екендігі анық. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жоба аясында екі бірдей инвестор тартылған. Соның бірі, бұл салада 14 жылдық тәжірибесі бар «Digital elements» компаниясы. Дәл қазіргі таңда Тассай тұрғын алабына толығымен құрал жабдықтарын орнатқан жұмысшы топ, әрмен қарай Таскен тұрғын алабына қарай бет алыпты.
Әзірге, Тассай тұрғын алабы бойынша 200-ге жуық үйден өтініш келіп түсіпті. Келешекте кең жолақты интернетті қостырамын деушілерге де қосымша жүйелер қарастырылған екен. Көбінде тұрғындар қаржылық жағдайларының көтермеуіне байланысты сапалы интернетке қол жеткізе алмауда дейді, серіктестік өкілі Ержан Шалқарбаев. Алайда, бұл тығырықтан екінші деңгейлі банк арқылы шығудың жолы ұсынылып отыр.
Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының бас маманы Шынболат Әбидің мәлімдеуінше, шалғайдағы шағынауданарға тартылып жатқан желілік сымдар қалалық әкімдіктің қарамағындағы бағаналар арқылы жүргізілуде. Алайда, өзгенің меншігіндегі затты пайдалану үшін келісімді ұзақ уақыт күтуге тура келіп тұр дейді, инвесторлар. Осы орайда бұқараның базынасына жауап беру қиынға соғатыны тағы бар. Осыны ескерсе деген кең жолақтың жаршылары, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдан келген көмектерінде аянып қалмауда. Оларға сапалы интернетті тегін қосып берумен қатар, жыл бойында кепілдік мерзімдерінде ұмыт қалдырмауда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*