
Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» оқу курстарына жолдама береді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарға жолдама беру онлайн форматта жүзеге асырылады. Орталық тарапынан үміткерлердің мәртебесі жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға 1900 азаматқа жолдама беріледі. Азаматтар өтінім беру мерзіміне қарай бекітілген оқу кестесіне сәйкес оқуға жолданады.
Үмікерлердің құжаттары (жеке басын куәландыратын құжаты, өтініші) Telegram желісіндегі @BastaubusinessBot мекенжайына 19 сәуір күні 09.00-ден 1900 азаматтан өтінім түскенге дейін қабылданады.
Оқыту курстарына төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елдімекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар;
ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.
Сонымен қатар, үміткер өз бетінше жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Халықты жұмыспен қамту орталығынан алған жолдамасын https://atameken.co/ru/course-bastau сілтемесіне жүктеу арқылы онлайн-өтінімді тапсыра алады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары