Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында 20 сәуірден бастап Covid-19 инфекциясының өсуіне және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекциясының таралуының одан әрі алдын алу мақсатында карантин режимі ұзартылып, шектеу шаралары күшейтілген болатын.
Осыған орай қаладағы Қаратау ауданында кешегі күннен бастап, ауданға қатысты халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық ісшаралар басталып кетті.
Атап айтар болсақ, «Рахима Плаза», «Даймонд Плаза», «Громад», «Метро», «Сұлтан», «Нұрсәт Сити», «Сайман», «Жаңалық» сияқты ірі сауда орталықтарында және «Ынтық Ата» базарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Нұртас ш/а, Кеңжарық көшесіндегі, «Рахат» азық — түлік дүкені, Ақжайық ш/а «Дана», Асар шағынаудандарында «Чикен» дүкендері сағат 23.00- ге дейін жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Сатушылардың соңғы шыққан Шымкент қалалық Бас мемлекеттік санитарының қаулысының өзгергенін ескермегендіктеріне орай олардан түсініктеме алынды.
Осы орайда, мамандар қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, карантин талаптарын сақтауға шақырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*