Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ БІРЖОЛҒЫ СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ БІРЖОЛҒЫ СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қалалық мәслихатының «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 76 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі жарияланған болатын.
Осы орайда Шымкент қаласындағы 21 Ұлы Отан соғысы ардагеріне Жеңіске қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі. Бұл туралы Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңымен белгіленген.
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбаудың айтуы бойынша, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 360 АЕК көлемінде беріледі.
– Сонымен қатар ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңес одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде 6 ай еңбек еткен, бірақ орден-медальдармен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға 12 АЕК, яғни 35 мың теңге көмек көрсетіледі, — деді басқарма өкілі.
Айта кетейік, 9 мамыр — Жеңіс күніне орай Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жыл сайын бір реттік ақшалай көмек беріліп келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*