Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПТР-ДЕН ӨТПЕГЕН ЖОЛАУШЫЛАР КАРАНТИНДІК ОРТАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ПТР-ДЕН ӨТПЕГЕН ЖОЛАУШЫЛАР КАРАНТИНДІК ОРТАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Мұрат БЕЙСЕНБАЕВ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
–Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша жыл басынан бері COVID-19 коронавирус инфекция аурумен 327 жағдай тіркелді. Оның 115 жағдайында симптомсыз түрі байқалған.
Санитариялық-гигиеналық бөлім мамандары коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша тұрғындар арасында және аудан көлемінде орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарда COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.
Шымкент қаласына шетелден әуе жай арқылы келген барлық жолаушылардың COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін тексеріп, ПТР тестілеуден өтпеген жолаушыларды карантиндік провизорлық орталықтарда тексеру нәтижесін алғанға дейін оқшаулауды қамтамасыз етудеміз.
Аудан көлемінде арнайы құрылған мобильдік топтың жұмыстары барысында карантин шаралары мен карантин режимдерін сақтамаған нысандар мен жеке тұлғаларға Еңбекші ауданының полиция қызметкерлерінен келген баянат, шұғыл хабарлама негізінде ӘҚБК 425 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылуда.
Карантин шараларын өрескел бұзған нысандарға тексеру туралы акт тағайындалып, жоспардан тыс тексерулер жүргізудеміз.
Ал COVID-19 ауруымен тіркелген ошақтарға басқарма тарапынан дезинфекциялық іс-шаралар жүргізетін арнайы мекемеге хат жолданып, нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіп бойынша жүргізілуі бақылауда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*