Болат Серікұлы ЖАНӘБІЛ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы «№9 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.
Болат Серікұлы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыру-тәрбиелеу және әдістемелік жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің өңірлік жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
© JETPISBAI.kz