Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелері мен мәдениет, білім және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әкімдік пен АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
АҚШ-пен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән берілетінін айтқан қала әкімі 27 жыл ішінде әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін барлығы 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылғандығын атап өтті.
«Шымкент қаласының АҚШ-пен сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар мен наурызда 4,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінде Шымкент — инфрақұрылымы дамыған ірі өндірістік- индустриялық орталық. Шымкентте көлік-логистикалық орталық, арнайы экономикалық аймақ және екі индустриалды аймақ табысты жұмыс істейді. Қала аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі өтеді. Біздің басты мақсатымыз – қаланы адам өмірі үшін қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған жету үшін біз әр түрлі салаларда қалаға инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз»,-деді әкім.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әкім екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған ірі инвестициялық жобаларды қарастыруда ашық және сындарлы диалогқа дайын екендігін айтты. Сонымен бірге терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.
АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Шымкент — Қазақстанның жетекші өндірістік-экономикалық орталықтарының бірі екенін айтып, мұнда жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті.
Кездесу соңында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін барлық бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*