Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 29 наурыз – 12 мамыр аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесі алқалы жиында баяндалды.
Шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты мекеме директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Нұрлан Құдайбергенов сөз алып, талдау барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.
Ол өз кезегінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында аталмыш бөлім 660 млн. теңгеден астам сома құрайтын негізгі және қосалқы көшелер деп бөлінген
4 мемлекеттік сатып алу келісімшартына отырғандығын және Бөлім тарапынан тазаланған көшелер мен көлемнің растығына көз жеткізуге бағытталған ешбір механизм қарастырылмағандықтан, екі өнім беруші де көшелерді тазаламай жәй ғана ақысын алып отыра беру тәуекеліне барғандығын атап өтті.
Бұдан бөлек, жүргізілген талдау инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі қызметіндегі негізсіз әрекеттер
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
Зияткерлік меншік объектілері бойынша;
Мемлекеттік сатып алуда;
Ескі және авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселелерінде де ұшырасып, шын мәнінде жасалмаған (жасалмайтын) жұмыстарға қаржы төлеу арқылы мемлекет мүдделеріне зиян келтіру тәуекелдері орын алғандығын анықтаған.
Жалпы талдау нәтижесімен әкімдікке 26 ұсыныс енгізіліп, түзілген іс-шара жоспарына сәйкес орындау мерзімі 1 шілдеге дейін деп белгіленген.
Осы бойынша жиын соңында аталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*