Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПАРАҚОР БОЛУҒА ЕМЕС, ПАРАСАТТЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛ!

ПАРАҚОР БОЛУҒА ЕМЕС, ПАРАСАТТЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және хабарлау мақсатында Созақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен кездесті.
Басқосуда тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктері түсіндіріліп, Заңнамаға енгізілген түзетулер мен соңғы жаңашылдықтар таныстырылды.
Бұдан бөлек, пара алу, пара, сыйлық, сыйақы ұсыну, парақорлыққа делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің күшейтілгені мәлімделіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша туындаған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*