Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » СУБСИДИЯ АЛУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША СҮБЕЛІ СҰҚБАТ

СУБСИДИЯ АЛУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША СҮБЕЛІ СҰҚБАТ

Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен өтетін «Ашық микрофон» алаңында Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов қадірлі қонақ болды.
Еркін форматта өрбіген жиында
— ел аумағында кең таралған пандемияның ауыл шаруашылығына тигізген залалы,
-ауыл шаруашылық субсидиялары мен жеңілдетілген кредиттер беру,
-картоп пен сәбіз бағасының күрт көтерілу себептері,
-астық нарығын реттеу,
-дәнді дақылдар егу жұмыстары,
— мал жайылымдары,
-тыңайтқыштардың қолжетімділігі сынды мәселелер ортаға салынды.
Ашық алаңда Нұрбек Бақтыбайұлы қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқарма көлемінде атқарылатын жұмыстармен ой бөлісіп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әрбір ел азаматының үлес қосуы қажеттігін баса атап өтті.
Сондай-ақ, өз айлық жалақысының мөлшерін ашық баяндап, қоғам белсенділерінің тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға толымды жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*