Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Келес ауданында арнайы жұмыс сапарымен болған Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ауданға қарасты ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларына Заңнама аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әділдік аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты — қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында сенім атмосферасын қалыптастыру.
Жиында сөз алған Ерұлан Тұңғышбаев Агенттіктің басты миссиясы — ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу екендігін атап өтіп, қоғам індетінің туындауына ықпал еткендер, соның ішінде пара алу мен пара бергендер теңдей жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ортаға салынып, ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлық дерегіне ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет ететін 1424 сенім телефонына хабарласу қажеттілігі атап өтілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*