Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЭКОБАЗАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЭКОБАЗАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласындағы Халыкаралық әуежай жанынан салынып жатқан экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болмақ.
Нысан көлемі 14 гектар, құрылыс аумағы 5 гектар. Келешекте базарда 3000-ға жуық сауда орындары болады. 900 орыны азық-түлікке, 1500 орыны киім-кешекке, 500 орыны тұрмыстық тұтыну тауарларына және жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалады.
Заманауи экобазарда диқандар өніміндерін қажетті құжаттарын толықтырып, делдалдарсыз тікелей сата алады. Мұнда жазда салқын, қыста жылы температуралық режим қамтамасыз етілмек. Экобазарда жеңіл автокөліктер мен жүк көліктерінің еркін кіріп шығуына арналған кең жолдар ашылып, әрқайсысына бөлек автотұрақтар ұйымдастырылады. Және тауар қорын сақтауға арналған тоңазытқышты 200 қойма орыны болады.
Айта кетейік, базар сатылымында ет өнімдерін қоюға жоғары мән беріледі. Бұл өз кезегінде баға тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, базардағы өнімдер көтерме бағада сатылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*