Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҮЛКІБАСТА «ЖАС КІТАПХАНАШЫЛАР МЕКТЕБІ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮЛКІБАСТА «ЖАС КІТАПХАНАШЫЛАР МЕКТЕБІ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Жас кітапханашылар мектебі» бағдарламасы аясында жаңадан жұмысқа орналасқан мамандарға арналған «Кәсіби шеберлікті дамыту» мектебінің оқу маусымы басталды. Үш күнге созылатын оқу барысында кітапханашыларға кітап қорының дұрыс орналасуы, есепке алу, каталогтармен жұмыс, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету және рухани ордаға оқырман тартудың жолдары, өлкетану бағытындағы жұмыстар, анықтама – библиографиялық жұмысты ұйымдастыру, қазіргі талаптарға байланысты онлайн іс-шаралар және т.б. тақырыптар бойынша дәріс берілетін болады.
«Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!» — деп қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев айтқандай, тек білімді, парасатты кітапханашы ғана оқырмандарға өз деңгейінде қызмет ететіні анық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*