Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Бүгінде Түркістан облысындағы колледждерде қолданбалы бакалаврларды даярлау бағыты мейлінше жолға қойылып келеді.
Сондай -ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №305 бұйрығымен облысымыздың бес колледжі ғана қолданбалы бакалавриат мамандарын эксперимент режимде даярлауға мүмкіндік алған.
2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлайтын 39 білім беру ұйымдары қатарында биылғы жылы алғаш рет «қолданбалы бакалавр» оқу дәрежесі бойынша кадрларды даярлау Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі мен Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде басталды.
Айта кетейік, өңірдегі Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі ұзақ жылғы тарихымен ғана емес, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудағы абырой, беделімен елге танымал болған киелі оқу ордасы екені белгілі. Мұнда «Ветеринария» мамандығы бойынша 25 қолданбалы бакалаврды даярлауға мүмкіндік алған колледж алдағы уақытта бітіріп шыққан түлектердің колледжді бітіре салысымен жұмыс орындарымен қамтылуына сенімі мол. Сонымен қатар, Түркістан өңіріндегі білім кеңістігіндегі беделді, шоқтығы биік, тарихы бай білім ордасы — Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша 25 талапкер үшін алғашқы даярлықты бастауға дайын екенін дәлелдеп отыр.
Аталған оқу деңгейіне талапкерлердің жоғары қызығушылығы негізгі білім беру бағдарламасын аяқтаған, әлеуметтік-экономикалық қызметтің әртүрлі салаларындағы технологиялық міндеттерді шешу бойынша құзыреттіліктерге ие, білім беру мекемесін аяқтағаннан кейін дереу кәсіптік қызметке кірісуге дайын түлектердің қалыптасатынына кәміл сенуге болады.
Қолданбалы бакалавриаттың мәні – инновациялық талаптарға сәйкес колледждердің кейбір мамандықтарын жоғары білімге теңестіре отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мәртебесін көтеру.
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау бағытының ашылуы колледж ұжымы мен педагог мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейтінін, яғни алдағы уақытта шығармашылық әлеуетті одан әрі дамыту керектігін айқындап, жаңа бастамаларға жол ашады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*