Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАРЫНША КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАРЫНША КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Соңғы тәулікте облысымыз аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары артуына байланысты бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт мобилді топ мүшелері мен аудан аумағындағы тиісті мекемелердің басшылық құрамын жинап, шұғыл жиын өткізді.
Жиында аудандық аурухананың бас дәрігері бүгінгі эпидемиялогиялық ахуалдың күрделіленгенің айтып, жаман індетті жұқтырғандар қатарының күрт артуына байланысты 20 орынға госпиталь ашылғанын хабарлады. Жасанды тыныс беру ИВЛ апараттарының, дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарының жеткілікті екендігін баяндады.
Жауапты орынбасары мобильді топтардың жұмысын баяндап, ауыл-аймақтарда тойлардың тиылмай тұрғаның жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі барлық тойханаларды аралауды ұйымдастырып, жанұялық жиындарды өткізуге тапсырыс қабылдаған кәсіпкерлік нысандарын анықтап, тойларды болдырмау қажеттігін қатаң ескертті. Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы №14 қаулысындағы барлық шектеу шараларының орындалу қажеттілігін ескертіп, маскалық режим, ара-қашықтықты сақтау, іс-шараларға бармау және т.б шектеулердің маңызды бөліктерін түсіндіру мақсатында елді мекендердегі халық көп шоғырланатын орындарда дыбыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы насихат жұмыстарын жандандыруды және мәдениет бөліміне жоспарланған концерттік т.б. шараларын доғаруды тапсырды.
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін ескере келе, аталған мәселеге жоғары жауапкершілікпен қарауды ескертіп, тойлар мен басқа да жанұялық жиындардың өтуіне жол бермеу керектігін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*