Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТӨЛЕБИ: МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ТӨЛЕБИ: МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Төлеби ауданы әкімінің аппараттық мәжілісі өтті. Жиналысқа аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратның бөлім басшылары, дербес және мекеме бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
2021 жылға арналған аудандағы ауыз сумен қамту барысы туралы, аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев баяндады. Төлеби ауданы аумағында 55 елді мекеннің 54 елді мекені немесе 98,2 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Құбыр тартылмай қалып отырған Жанакүш елді мекеніне ауыз су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамасы алынған. Жаңакүшке ауыз су тарту жобасын 2022 жылға қаржыландыруға ұсынылды. Аудандағы ауыз су мәселесін толық бір жүйеге келтіру мақсатында мамандарды шақырып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, су көздері дебетін ұлғайтуға жұмыс жасауда. Достық елді мекеніндегі №2 скважина аумағынан жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Ұңғыма іске қосылса, қала аумағындағы су тапшылығы толығымен шешімін табады. Көксәйек елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында қосымша «Келтебұлақтан» құбыр тарту жұмыстары басталуда, бұл іс қазан айында толығымен аяқталады. Қосымша су көздері тартылған соң елді мекен тәулік бойы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі.
Ал, ауданда құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысы туралы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Тілеубердиев және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Қалдыбаев хабарлады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ленгір қаласы 1-мөлтек ауданындағы 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. Төлеби аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жалпы 31 автомобиль жолы, 5 электр желісі, 2 газ құбыры, 11 ауыз су құрылысы мен ағымдағы жөндеу, 7 абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың 6 айында қаржылардың игерілу және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу болжамы туралы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов баяндама жасады. Ауданның кіріс бөлігі 180 млн теңгеге жоспардан артық орындалған.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Т.Телғараев бекітілген мерзімде тапсырманы орындамаған округ әкімдері мен бөлім басшыларын сынға алып, жұмысты жүйелендіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, аудандағы ауыз судың шешімін табу қажеттігін, сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс сапасын қадағалауды тапсырды. Бұған қоса, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тазалығы және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*