Шардара аудандық адами әлеуеттi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен «Тәуелсiздiк кезеңiнде қалыптасқан қосымша бiлiм беру үрдiсi» атты республикалық семинар болып өттi. Семинардың мақсаты – қосымша бiлiм берудегi идеологияның негiзгi бағыттарын таныстыру, өңiрлердiң бiлiм саласындағы жетiстiгiн насихаттау болып табылады.
Семинар барысында аудандық адами әлеуеттi дамыту бөлiмi өз жетiстiктерiмен бөлiстi. Шараға Түркiстан облыстық Адами әлеуеттi дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев және Шымкент қаласы мен Қызылорда, Жамбыл облыстарының сонымен қатар, өңiрдегi барлық аудандардың бiлiмге жауапты бөлiм басшылары қатысып, өзара тәжiрибе алмасты.
Семинар барысында аудандық адами әлеуеттi дамыту бөлiмiнiң басшысы А.Бердалиева аталған сала бойынша атқарылған жұмыстарға толыққанды шолу жасады (бөлiм басшысының баяндамасы газетiмiздiң 3-бетiнде жарияланып отыр). Республикалық семинар өнерпаз оқушылардың концерттiк бағдарламасымен жалғасты.
Семинар қорытындысында Шардара ауданындағы қосымша бiлiм беру саласының жоғары деңгейде екенi айтылып, келген қонақтар тарапынан жақсы баға берiлдi.