«Нұр Отан» – саяси күш, жұртшылықтың жоғын жоқтайтын халықтық партия. Халық пен биліктің бірлігін берік ете түсетін «Нұр Отан» партиясының фракциясы қызметінің жауапкершілігін қалыптастыруда азаматтық белсенділігіміз жетекші рөл атқарады. Фракция мүшелері мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауда, насихат жұмыстарының жүргізілуіне белсенді араласуда.
Осы орайда, фракция мүшелерінің белсенділігі нәтижесінде қарапайым халықтың партияға деген сенімі одан әрі нығая түсуде. Шымкент қалалық мәлихатының депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлына қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің ұжымы алғысын білдірді.
Білім ордасының басшысы Нысанбаева Жанар Тастанқызының атынан жолданған Алғыс хатта «Құрметті Қайрат Мұсаханұлы, мектеп-лицей атынан біздің 2021 жылғы 26 ақпандағы №42 хатымызды аяқсыз қалдырмай, мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарған еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздің ықпал етуіңіздің арқасында жолдың бойына аулаға кіруге тыйым салынатын 3.27 «Аялдауға тыйым салынады. Көлік құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады. Оңға бұрылуға рұқсат етілген» деген жол белгіссі орнатылды. Қазіргі таңда балалардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызылды.
Мектеп-лицей ұмы Сіздің ел алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиетіңіздің арқасында әр адамның өмірі үшін жасалып жатқан жасалып жатқан жұмыстарыңыздың еленуіне тілектестік білдіреді» деген жүрекжарды ризашылығын білдірген.
Елбасы төрағалық ететін партияның ең басты мақсаты – ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайта түсуге күш салу болып табылады. Өйткені, нұрлы болашаққа жол бастаған «Нұр Отан» – бүгін де халқының қамын, жұртының мұң-мұқтажын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия. Міндет адамға жауапкершілік жүктейді. Сайлаушылардың, партияның алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастыру фракцияның бүгінгі таңдағы негізгі борышы болып қала бермек.