Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Danabek Isabekov кестеге сәйкес тұрғындарға кезекті онлайн-қабылдауын өткізді.
Әлеуметтік желі арқылы қабылдауда тұрғындардың қойған сауалдары мен көтерген мәселелеріне нақты жауабын да бергенін көз көрді.
Ең көп көтерілген мәселе — азық-түлік және айлық баспана үшін төлей алмай жатқаны жеткізілді.
Қабылдаудан соң бірден іске көшіп, тұрғындардың мекен-жайына жете бардық. “Айтылған сөз — атылған оқ” дегендей, азды-көпті өз көмегін көрсетті.
Мен білетін Данабек ағамыздың бұл бірінші және соңғы қайырымды шарасы емес.
“Азат, бұны жариялаудың қажеті жоқ шығар” дегеніне қарамай, “Жақсыны бөліссең, көбейеді” деген ниетпен ортаға салдым.
Жалпы, Дәкеңді дәл осындай шараның жанынан өте жиі табылатын болғаны үшін қатты құрметтеймін. “Бір қазағым қиналса, мың қазағым жұмылуға дайын”деген сөздерді осындай азаматтар үшін дана халқым тастап кеткен болар.
Партияның белсенді, әрі жас депутаты алда да тоқтамай, ел ортасы үшін шаруа тындыратынына сәттілік деп қоялық!
Пысы: айтпақшы, суретте бетін жауып қойыңыздаршы деген комментарий болмас үшін тұрғындардан жеке рұқсат сұрап түсіріп, сосын жариялайтынымды айттым!
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi