Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » КІМДЕР МІНДЕТТІ АУДАРЫМ ЖАСАЙДЫ?

КІМДЕР МІНДЕТТІ АУДАРЫМ ЖАСАЙДЫ?

«Қазақстан халқына» қорын жүзеге асыру тетіктерін пысықтау үшін Үкімет жанынан жұмыс тобы құрылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды jetpisbai.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру жөніндегі тапсырмасы бойынша: қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық қор деп жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер құрған қор түсініледі. Қор қызметінің саласы әлеуметтік және мәдени қызметтің әртүрлі аспектілерін (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым, болған жойқын қирату салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдауы) қамтитын болады. Қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдарын қорға тұрақты тарту жоспарлануда. Осыған байланысты қордың құрылтайшысы ретінде әрекет ететін қоғамдық бірлестікті айқындау, сондай-ақ іске асыру тетіктерін әзірлеу үшін азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Үкімет жанынан жұмыс тобын құру ұсынылады», – деді министр.
Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражатынан орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
«Балалардың денсаулығын сақтау саласында сирек (орфандық) және ауыр аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету неғұрлым өзекті болып табылады. Әлемдегі ешбір ел өте жоғары шығындарды ескере отырып, барлық орфандық ауруларды толық қаржыландырмайды. Сондықтан да, Қорды құру орфандық аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс жалғасуда», – деді Ажар Ғиният.

 

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*