Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ

БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ

«Шымкент қаласында 2022 жылдың басынан бері коронавирус жұқтырған 933 науқас анықталды. Ал, осы мерзім ішінде 7 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша 221 жағдайы тіркелді. Ауруханадағы науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтар». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Шымкент қаласы 11 қаңтардан бастап эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймаққа өтті. Бүгінде қаладағы «Инфекциялық орталықтың» стационарында 157 науқас ем қабылдап жатыр.– Стационардағы 157 науқастың 65-і жүкті әйелдер. Олардың жағдайы күрделі. Өкініштісі, науқас әйелдердің ешбірі бүгінге дейін вакцина алмаған. Ал, 13 науқас жан сақтау бөлімінде. Жағдайдың күрделі екенін жыл басынан бері 7 кісінің қайтыс болғанынан көруге болады. Сондықтан қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамын. Себебі, екпе алған азаматтар пандемияны жеңіл өткізуде. Вакцина алғанына 6 ай толған кез келген қала тұрғыны ревакцинациядан тегін өте алады, – деді Б.Позилов.Мамандардың айтуынша, Шымкент қаласы бойынша Pfizer екпесінің бірінші компонентін 17 663 адам, екінші компонентін 7850 адам қабылдаған.– Жағымды жаңалық, таяу күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес, 60 жастан асқан азаматтарға Pfizer екпесін салынатын болады. Алайда, қалада ревакцинациядан небәрі 37 934 адам ғана өткен. Бұл миллион тұрғыны бар қала үшін өте аз. Қаладағы қоғамдық орындарда талап сақталмай отыр. Адамдар қоғамдық көліктерде маскасыз жүр. Бұл пандемияның тез таралуына әсер етуде, – дейді бас дәрігер.Айта кетейік, бүгінде 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті, емізулі әйелдерге Pfizer екпесін салынса, 18 жастан асқан ревакцинациядан өтетін азаматтар үшін QazVac және VeroCell екпелері қолжетімді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*