Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда.

Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов және Аққараған көшелері, Қатынкөпір, Шұғыла, Тельман, Ақниет шағын аудандарындағы және өзге де елдімекен көшелерінде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстарға 34 техника және 105 жұмысшы қызметкер жұмылдырылған.

Қазіргі таңда көше бойларындағы ирригациялық жүйелер мен арық-атыздар тазартылып, су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, аудандағы санитарлық тазалық жұмыстарыда кестеге сәйкес тұрақты түрде атқарылуда. Оған «Ақсемсер» ЖШС 70-ке жуық қызметкері мен 23 техникасы жұмылдырылған.

Құрметті тұрғындар, коммуналдық мәселе туындаса 53-03-20 телефон нөмірі немесе қалалық 109 біріңғай байланыс телефондары арқылы өтініш бере аласыздар.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*