Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Қабылдауға жазылған 11 азамат инфрақұрылым тарту, баспана алу, жол салу, қоғамдық көлік жүргiзу мен аялдама орнату, көшелерді жарықтандыру және жер телiмiн заңдастыру сынды мәселелердi көтердi.
Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға (басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне) өз құзыреттері шегiнде айтылған жайттарды шешуге қатысты бiрқатар тапсырмалар берді.

Қабылдауда баспана сұраған азаматтарға кезекке тұру қажеттiлiгi айтылып, жер телiмдерiн заңдастыру бойынша мәселелердiң заңды тұрғыдан шешілуіне байланысты нақтылы бағыт-бағдар берiлді.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*