Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН 8 МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН 8 МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шымкент қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған 8 модульдік полиция бекеті іске қосылған.

Бұл бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын, аумақты патрульдейтін полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. Модульдік бекеттер арқылы қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне арыз-шағым жазумен бірге, өтініштеріне сәйкес қажетті заң кеңестерін де ала алады. Онда учаскелік полицейлер, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар және жедел уәкілдер азаматтарға қызмет көрсетеді.

Жоспарға сәйкес, 2022 жылға 100 модульдік полиция пунктін салу қарастырылып отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*