Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕ 60 МЫҢ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 60 МЫҢ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

Шымкентте 20 қаңтар күні КВИ-дің 444 жағдайы тіркелді, оның ішінде белгілері бар – 205, белгілері жоқ – 239. 50 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды.
Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 45 пайыз. Инфекциялық стационарда 365 науқас, жансақтау бөлімінде – 41 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 640 адам вакцина алды (I компонент- 277, II компонент- 363). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 232 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 656 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 28 165 адам, II компонентін 13 012 адам қабылдады.
59 991 адам ревакцинацияланды.
Құрметті қала тұрғындары, эпидахуалдың күннен күнге күрделенуіне орай карантин режимін қатаң сақтауға, вакцина қабылдауға шақырамыз!

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*