Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОФФЛАЙН РЕЖИМІНЕ ӨТУ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОФФЛАЙН РЕЖИМІНЕ ӨТУ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру мекемелерінің оффлайн режиміне өту дайындығын тексерді.

Қала әкімі алдымен «Мирас» шағынауданындағы «AI SCHOOL» жекеменшік орта мектебіне барды.
2021 жылы ашылған оқу ордасында оқушылар 1 ауысымда білім алуда. Мектеп мультимедиалы-лингофонды кабинетпен, интерактивті тақтамен, барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Шымкент қаласында 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап меншік нысанына қарамастан білім алушылар саны 600-ге дейінгі барлық бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі.

Меншік нысанына қарамастан білім алушылар саны 600-ден асатын бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту бір ауысымда мектептің жобалық қуатының 50 %-нан аспайтын толымдылықпен штаттық форматта жүргізіледі.

Бұл ретте 1-4 сыныптарда (халықаралық мектептерде 1-6 сыныптарда) оқытуды штаттық форматта ұйымдастыруға басымдық беріледі.

Қала әкімі мектепте карантиндік талаптарды сақтап, оффлайн режимінде оқу процесін жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*