Қазақстанда өткен тәулікте 11340 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Соның ішінде Шымкентте 24 қаңтарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 180 жағдай анықталды.
2022 жылдың басынан бері шаһарда коронавирус жұқтырған 5 335 науқас тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, 451 науқас сауығып шыққан. Өкінішке қарай, 17 науқас індеттен қайтыс болды.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек, ковид анықталған 4 867 науқас қазіргі таңда емделіп жатыр, оның ішінде стационарда 395 науқас, 4 472 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.
Ақ халаттылар қала тұрғындарына коронавирус инфекциясының алдын алуда санитарлық талаптар – ара қашықтықты сақтап, бетперде тағып, вакцина алуға кеңес беруде.
© Jetpisbai.kz