Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. 21-25 наурыз аралығына жоспарланған ел чемпионатында 700-ден астам спортшы бақ сынауда.Сайыста шымкенттік жас дзюдошылар жүлделі орындардан көрінді. Жасөспірім ұлдар арасында Талғат Орынбасар (60 келі), Нұрдаулет Төлен (66 келі) алтын, Арман Билалханов (81 келі) күміс жүлдеге ие болды.Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Сабина Юлдашбекова (40 келі), Маржан Даушова (44 келі) жеңімпаз атанды.