Шымкент қаласының басшылары мен ОҚО «Азаматтық альянсы» Шымшаһардың абаттанып, көркеюіне өз үлестерін қосқалы жүр. Ғабидолла Әбдірахымов басқаратын қала әкімдігі мен қауымдастық мүшелері «Таза қала!» акциясын жариялап, Шымкент шеңберіндегі әр аула мен әр көше тұрғындарына үндеу тастап, үміттерін артып отыр. «Үздік аула» мен «Үздік көше» номинациялары бойынша жеңіп шыққандарға қомақты сый-сияпат та қарастырылған (байқаудың жүлде қоры 4 миллион теңге).
Қанеки, белсене қатысайық!..
© JETPISBAI.kz